Катар-2022 әлем чемпионаты араб халықтарының сионистік режимге жиреніш білдіретін сахнаға айналды
Катар-2022 әлем чемпионатында орын алған қызық жағдайлардың бірі әртүрлі араб елдерінен келген адамдардың израильдік ақпарат құралдарына сұхбат беруден бас тартқаны және араб көрермендердің сионистік режим алдында Палестинаны қолдағаны болды.
Жалпы әлем чемпионаты жай күндері басқа елдерде сирек байқалатын оқиғалар алаңы болып отыр. Мысалы, әлем чемпионаты түрлі елдер азаматтарының бір-бірімен танысып, кейбір елдердің спорт және әлеуметтік текетіресінің сахнасына айналды.
Бұған қарамастан, Катар-2022 әлем чемпионаты айрықша бір оқиғаның куәсі болды: түрлі елдердің, әсіресе араб елдерінің көрермендері Израильдің ақпарат құралдары мен тілшілеріне сұхбат беруден бас тартты. Және жарыс кезінде Палестинаға қолдау білдірді. Араб көрермендер израильдік тілшілерге жолыққанда "Израиль деген ел жоқ. Олар басып алған ел Палестина деп аталады" деп айтып, сұхбаттан бас тартып жатыр.
Катар, Тунис, Ливан және тіпті Сауд Арабиясының көрермендері израильдік тілшілерге сұхбат беруден бас тартты. Тунис көрермендері осы ел командасы ойнаған кезде стадионда Палестинаны қолдау туралы плакаттар ұстап отырды. Бұл мәселенің маңызды болғаны сондай, тіпті Израиль мен Батыс елдерінің ақпарат құралдары да бұл жайлы сөз қозғады.
Сионистік режимнің 12-ші арнасы өз репортажында: "Әлем чемпионатында тунистіктер үшін Палестина бәрінен маңыздырақ",-деп атап өтті. Тунис командасының жанкүйерлерінің көбі Палестина халқын қолдауға арналған шерулерге қатысады. Сондықтан осы ойындар барысында Палестина халқын қолдайтындарын білдіріп, "Палестина азат етілсін!" деген мазмұндағы плакаттармен спорт кешеніне барды. Тіпті кейбіреулері осы чемпионатты әлем халықтарына Палестинада болып жатқан оқиғаларды баяндауға берілген мұрсат деп санайды.
Араб көрермендердің Катар-2022 әлем чемпионатындағы іс-әрекеті бірнеше маңызды саяси-әлеуметтік жолдауға ие:
Біріншіден, араб елдерінде кейбір билеушілер Батысқа бағынып, сионистік режимге жақтасатынына қарамастан, мұсылман халық Израильмен қарым-қатынасты қалыптандыруға қарсылық білдіріп, Палестина мәселесін қолдайды.
Екіншіден, араб көрермендердің израильдік тілшілерге қатынасы кейбір араб үкіметтері мен халық арасында Палестина мәселесіне қатысты пікір қайшылығы барын көрсетеді.
Үшіншіден, араб көрермендердің израильдік тілшілерге қатынасы сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыру үдерісінің жеңіліс тапқанымен бірдей. Бұл мәселе іс жүзінде қалыптандыру үдерісінің халықтың қолдауына ие болмағанын көрсетеді.