Еуроодақ Твиттердің иесіне жалған ақпарат таратпау туралы ескертті
Жел 01, 2022 22:41 Asia/Almaty
Еуроодақ Твиттердің иесіне жалған ақпараттар мен алдамшы жарнамалар таратпау туралы ескертті.
Еуропаның ішкі нарық істері жөніндегі комиссары Тьерри Бретон Твиттер компаниясының иесі Илон Маскқа: "Бұл компания ашықтық пен сөз бостандығын кепілдендіріп, жалған ақпараттар мен алдамшы жарнамаларды таратпауға қатысты шара қолдануы тиіс",-деп мәлімдеді.
Америкалық ақпарат құралдары үсті-үстіне Илон Маск пен Твиттер туралы сын-пікір жазып жатыр.
Твиттер компаниясы Илон Масктың қолына өткеннен кейін отставкаға кеткен бұрынғы басшылардың бірі Юваль Росс: "Масктың әрекетті апатты болуы мүмкін",-деп ескертті. Ол Илон Масктың басқару тәсілін диктаторлық басқару деп сипаттады.
Тегтер