Жел 02, 2022 22:23 Asia/Almaty
  • Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, Катарда өтіп жатқан футбол чемпионаты жайлы сөйлесті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Мұхаммед бен Абдуррахман әл-Сани бейсенбі күні екі ел қарым-қатынасындағы өзгерістер, әсіресе Иран мен Катар басшыларының кездесуінен кейінгі жағдай және әлемдік футбол чемпионаты жайлы сұхбаттасты.  

Амир Абдуллахиан осы сұхбатта Катар үкіметінің Иранның ұлттық футбол командасы мен ирандық жанкүйерлерді қабылдағанына алғыс айтты.

Катар Сыртқы істер министрі де осы сұхбатта Катар әмірінің сәлемін ИИР басшыларына жеткізіп, осы елдің ұлттық футбол командасының әлем чемпионатындағы ойынын мақтап, Иран үкіметінің осы жолғы чемпионатты өткізуде Катарды қолдап, көмектескеніне алғыс айтты.  

Тегтер