Жел 05, 2022 18:36 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі мен Сербия Премьер-министрі кездесті

Иран Сыртқы істер министрі мен Сербия Премьер-министрі Белградта кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Белградқа сапарының екінші күнінде Сербияның Премьер-министрі Ана Брнабичпен кездесіп, екі жақты қызықтыратын тақырыптар, соның ішінде өзара әріптестікті дамыту туралы пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрі жексенбі күні Сербияға барып, осы елдің Сыртқы істер министрімен кездесіп, сөйлесті.

Иран мен Сербия барлық салаларда, соның ішінде саясат, экономика, қорғаныс, туризм, мәдениет, ғылым, білім және спорт салаларында ынтымақтастықты нығайтып, дамытуға қызығатындарын әрдайым мәлімдеп келеді және оң ниеттерін іс жүзінде дәлелдеу үшін маңызды қадамдар жасады.

Тегтер