Жел 06, 2022 18:13 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Ирандағы тәртіпсіздіктерге Батыстың қатысы бар. Біз тұрақты емес келісімге қол жеткізгіміз келмейді

Иран Сыртқы істер министрі Сербияда тұратын ирандықтармен кездесуінде Батыстың Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктерге қатысы барын қуаттап, ядролық келіссөздерге қатысты Иранның тұрақты емес келісімге қол жеткізгіміз келмейтінін айтты.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан  Сербияда тұратын ирандықтармен кездесуінде Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктерге сілтеме жасап: «Ирандағы жуырда болған тәртіпсіздіктер кезінде батыс елдерінің бірінің азаматы 41 жастағы әйел ұсталды, оған көшеге шыққан халықты бнейнеге түсіру міндеті жүктелген. Мысалы, жиналған 200 адам болса, квадрокоптер арқылы және техникалық мүмкіндіктері бар 200 адамды 2000 адам деп көрсете алатын жоғары жылдамдықты интернет құрылғылары болды»,- деді.

Амир Абдуллахиан ядролық келіссөздерге тоқталып: «Біз тұрақты емес және   ирандықтарға пайдасы тимейтін келісімді қаламаймыз. Әрине, біздің қызыл сызықтарымыз Иран халқының мүдделеріне кепілдік беруден басқа ештеңе емес»,- деп баса айтты.

 

Тегтер