Жел 07, 2022 19:56 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық сумо командасы Мәскеуде өткен халықаралық жарыста екінші орын алды

Иранның ұлттық сумо командасы Мәскеуде өткен халықаралық жарыста түрлі түсті бес медаль алып, екінші орынға тұрақтады.

ТМД елдерінің сумодан халықаралық жарысы 17 ел спортшыларының қатысуымен Мәскеудің Чехов ауданындағы "Олимпийский" спорт кешенінде өтті.

Жарыс соңында Иранның ұлттық сумо командасы жекелей 3 күміс, командамен 1 күміс пен 1 қола медаль алып, Ресейден кейін екінші орын иеленді. Ал Моңғолия командасы үшінші орынға табан тіреді.

Сумо – күрестің көне түрлерінің бірі. Онда салмақ, көлем мен күшке бірінші кезекте маңыз беріледі.  

Тегтер