Жел 07, 2022 22:49 Asia/Almaty
  • Ирандық спортшылар Азия пауэрлифтинг жарысында жарқырай көрінді

Ирандық спортшылар БАӘ-де өткен Азия-2022 пауэрлифтинг жарысында топ жарды.

Ирандық спортшы Әлиреза Резаи БАӘ-нің Дубай қаласында өткен Азия-2022 пауэрлифтинг жарысында 320 кг зілтемірді отырып көтеріп алтын, 200 кг зілтемірді кеудеден көтеріп күміс және  жалпы 815 кг зілтемір тартып алтын алды.

Жарыста Қазақстан және Моңғолия спортшылары екінші және үшінші орын алды.

Ирандық спортшы Мұстафа Яздани 341 кг зілтемір тартып, рекорд жаңартып, алтын алды.  

Тегтер