Хиросимада Ядролық қарусыздану форумы аяқталды
Жапонияның Хиросима қаласында Халықаралық ядролық қарусыздану отырысы осы мақсатты орындауға айқын перспектива байқалмаған жағдайда аяқталды.
Хиросима мен Нагасаки халқы Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы күндерінде АҚШ-тың ядролық шабуылына ұшырап, жүздеген мың адам қаза тауып, миллиондаған адам жараланып, қазірдің өзінде осы қалалардың тұрғындары оның бүлдіргі әсерін көріп, соның ішінде мүгедектікке шалдығып жатқандықтан Хиросима қаласында осындай отырыстар өткізіледі.
Осы тұрғыдан Хиросимадағы жергілікті басшылар халықаралық отырыстар өткізу арқылы ядролық қарулардың жойқын әсерін көрсетіп, әлемді ядролық қарусыздануға қарай ынталандыруға тырысады.
АҚШ Хиросима мен Нагасакиде осындай қорқынышты қылмыс жасаса да, өзінің ядролық арсеналын азайтуға бірде-бір қадам жасамады, керісінше ядролық қарудың жаңа буынын жасап, сынақтан өткізіп жатыр. Бұл әлемнің қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр.
Ал бұл жағдайда Жапония, әсіресе Хиросима мен Нагасаки халқы Токио үкіметінен АҚШ-тың ядролық шабуылына қарсылық ретінде Вашингтонмен қарым-қатынас деңгейін олардың намысына сызат түсірмейтіндей реттейтінін күткен. Бірақ Жапонияны басқарып отырған Либерал-демократиялық партия АҚШ-пен стратегиялық қарым-қатынасты қарқынды дамытып келеді.
Ал бұл жағдайда Жапонияның жоғары соты қылмыскер америкалық әскерилерді соттай алмайды. Соңғы жылдарда Жапонияда орналасқан америкалық әскерилердің жапон қыздары мен әйелдерін қорлағаны туралы ақпарат көп таралды. Кей жағдайларда әйелдердің өліміне де әкеп соқтырды. Бірақ америкалық әскерилердің иммунитетіне байланысты Жапония үкіметі мен сот органы оларды жауапқа тарта алмайды.
Қалай болғанда да АҚШ әлемде, әсіресе Корея түбегінде ішкі іске араласушы және авантюристік саясатын жалғастырып, әлемді бұрыннан бетер тынышсыздыққа, қарама-қайшылықтардың күшеюіне итермелеп отыр. Сол себепті елдер қауіп сезіп, қарулана түсуге асығып жатыр.
Мұнымен қоса, АҚШ ядролық апартеид саясатын ілгерілету арқылы кейбір қылмыскер режимдер, соның ішінде сионистік режимнің ядролық қару жасап, ядролық арсеналға ие болуына себеп болды. Бұл аймақтың ғана емес, бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне төнген қатер саналады.
Мұндай жағдайда ядролық қарусыздануға ынталандыруға бағытталған Хиросимадағыдай жиналыстар тым болмағанда әлем халықтарын ядролық қаруларды қолданудың жойқын салдарымен таныстырып, хабардар ете түседі.