Кениялық кәсіпкерлер Арас еркін аймағына инвестиция салуға қызығушылық білдірді
(last modified Tue, 13 Dec 2022 11:48:21 GMT )
Жел 13, 2022 17:48 Asia/Almaty
  • Кениялық кәсіпкерлер Арас еркін аймағына инвестиция салуға қызығушылық білдірді

Кенияның бірқатар кәсіпкерлер мен шай ұйымының өкілдері Иранның солтүстік-батысындағы Арас еркін аймағын аралап, осы коммерциялық және өнеркәсіптік еркін аймаққа инвестиция салуға ниет білдірді.

Кения шай ұйымының (KTDA) өкілі Джордж Окойо Арас еркін аймағына сапарының мақсатын осы аймақтың артықшылықтары мен инвестициялық ынталандырулары туралы көбірек білу екеніне тоқталып: «Иранның өнеркәсіптік және экономикалық аймақтарының көпшілігі зерттеліп, еуропалық және азиялық нарықтардың нақты және әлеуетті нарықтарын бағалауға сәйкес, Арас Кенияның шай саудасын дамыту үшін ең жақсы аймақ болып табылады»,- деді.

Кениялық кәсіпкер кениялық өнімдер Иран, Қазақстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ирак және Түркияға экспортталатынын айтып: «Географиялық орналасуына байланысты аталған елдерге оңай қол жеткізу, жаңа мақсатты елдермен іскерлік қарым-қатынастарды дамыту және инвестицияның артықшылықтарын пайдалану мен жоғары рентабельділік біздің Араста жұмыс істеуді таңдауымыздың себептері болып табылады»,- деді.

 

Тегтер