Қаң 10, 2023 17:21 Asia/Almaty
  • Сардар Сүлейманиге қарсы террор ісіне қатысты 90 америкалық азаматқа айып тағылды

Сардар Сүлейманидің өлтірілуін құқықтық және халықаралық тұрғыдан қарастыру арнайы комитетінің басшысы лаңкестікпен күрестің осы қолбасшысына қарсы террорға қатысты 90 америкалық азаматқа айып тағылғанын жариялады.

Сардар Сүлейманидің өлтірілуін құқықтық және халықаралық тұрғыдан қарастыру арнайы комитетінің басшысы Аббасали Кадходаи: «Айыптау құжат дайындалып, жақын арада сотқа жіберіледі. Бұл  іс бойынша 90-нан астам америкалық азамат айыпталды»,- деді. 

Сардар Сүлейманидің өлтірілуін құқықтық және халықаралық тұрғыдан қарастыру арнайы комитетінің басшысы: «Халықаралық конвенцияға сәйкес, АҚШ Сардар Сүлейманиді өлтірді деген айыпталушылармен жұмыс істеуі керек немесе оларды сот талқылауы үшін Иранға экстрадициялауы керек, бұл бастапқы хат алмасу»,- деп баса айтты.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант  Қасым Сүлеймани  2020 жылдың 3 қаңтарында Ирак билігінің ресми шақыруымен осы елге барған кезде америкалық агрессордың әуе шабуылында және Бағдад әуежайының маңында Ирактың халықтық күштер төрағасының орынбасары (Әл-Хашд аш-Шаби)  Әбу Мәһди әл-Мохандеспен  және оның 8 серігімен бірге шәһид болды. 

Тегтер