Қаң 16, 2023 21:09 Asia/Almaty
  • Иранның хоккейден қыздар командасы Ислам елдерінің хоккей ойындарының финалына шықты

Иранның хоккейші қыздары Сауд Арабиясы командасынан басым түсіп, Ислам елдерінің хоккей ойындарының финалына шықты.

Ислам елдерінің хоккей ойындарының жалғасында Иранның хоккейші қыздары Бахрейн, БАӘ және Оман командаларын жеңіп, Татарстан командасынан жеңілгеннен кейін бүгін, дүйсенбі Сауд Арабиясы командасынан басым түсіп, сайыстың ақтық сынына жолдама алды.

Иранның хоккейден қыздар командасы негізгі уақытта 3:3 есебімен тең түсті, пеналти соғу барысында 3:1 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті.

Иран командасы ертең, сейсенбі күні финалда Татарстан командасымен бақ сынасады.

Тегтер