Қаң 19, 2023 20:31 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында тасымал дәлізін салуға ұсыныс жасалды

Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында тас жол, темір жол және теңіз жолдары арқылы тасымал дәлізін салуға ұсыныс жасады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мехди Сафари кеше, сәрсенбі Теһранда Еуразиялық экономикалық одақтың Сауда министрі Андрей Слепневпен кездесуінде Астрахань-Анзали, Амирабад-Ақтау, Анзали-Амирабад теңіз жолдарына, Қырғызстан-Қазақстан-Иран (Сарахс, Инчебурун), Ресей-Қазақстан-Иран (Сарахс, Инчебурун), Ресей-Астара-Решт және Армения-Иран теміржол желілеріне тоқталып, Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында тас жол, темір жол және теңіз жолдары арқылы тасымал дәлізін салу керегін баса айтты.

Мехди Сафари Иран мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше 5 ел арасында еркін сауда аймағын құруды өзара қарым-қатынасты дамытуда бетбұрыс нүктесі деп атап, келіссөздер аяқталып, 6 елдің парламенттері бекіткеннен кейін тез арада еркін сауда аймағы ашылатынына үміт білдірді. 

Тегтер