Баку Қарабақ дауын шешу үшін Минск тобының басшыларымен отырыс өткізуді қуаттады
Maм 02, 2016 20:52 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров Қарабақ дауын шешу үшін өз елінің Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастық Ұйымына қарасты Минск тобының басшыларымен отырыс өткізуге талпыныс жасайтынын қуаттап:
"Қарабақ дауының шешім жолдарына шолу жасау үшін Минск тобының басшыларымен кездесу алдағы айдың орта шенінде Еуропа қалаларының бірінде өтеді деп жоспарланған" деді. Мамедьяров сондай- ақ Армения президенті Серж Саргсянның Қарабақ дауын шешу үшін келіссөздерді қайтадан бастаудың шарттары туралы жуықтағы мәлімдемесіне берген жауабында шарт қою арқылы бейбітшілікке жетуге болмайтынын айтты.
Тегтер