Әзірбайжан республикасының президенті Қарабақтың соғыстан зардап шеккен аймақтарына барды
https://itolqyn.com/news/world-i6709
Әзірбайжан республикасының президенті Қарабақ аймақтарының алғы шебіне барды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 02, 2016 21:06 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасының президенті Қарабақтың соғыстан зардап шеккен аймақтарына барды

Әзірбайжан республикасының президенті Қарабақ аймақтарының алғы шебіне барды.

Илхам Әлиев жексенбі күні Әзірбайжан республикасы мен Армения арасындағы даулы аймақтардың алғы шебіндегі «Барде», «Тертер» және «Агдам» қалаларына барды.

Осы сапарда Әзірбайжан республикасының президентімен сол елдің Қорғаныс министрі Закер Хасанов бірге болды. Армения мен Әзірбайжан республикасы арасындағы Қарабақ даулы аймағында 2016 жылдың бірінші сәуір күні тағы да соғыс пен қақтығыс оты лаулап, бірнеше күн қақтығыс барысында екі тараптың күштерінен бірнеше адам қаза болды.