Раиси: Теһран мен Мәскеудің экономикалық қарым-қатынасы нығайып келеді
Иран Президенті Ресей Думасының төрағасымен кездесуінде: "Теһран мен Мәскеудің экономикалық қарым-қатынасы үздіксіз дамып, нығайып келеді",-деді.
Раиси Ресей Думасының төрағасымен кездесуінде: "Теһран мен Мәскеудің әлеуеттерін пайдалану екі елдің ғана емес, аймақтың мүдделеріне де сай келеді",-деді.
Раиси: "Екі ел сауда, энергетика, транзит және тасымал салаларында көптеген әлеуеттерге ие. Соларды өзара әріптестікті кеңейту үшін қолдануға болады",-деді.
Раиси Иранның Ресеймен келісімдерді толық орындауды көздеп отырғанын айтып: "Қос тараптың әлеуеті бір-бірін толықтыра алады. Оларды пайдалану екі елдің ғана емес, аймақтың мүдделерін қамтамасыз етуге жағдай жасайды",-деді.
Ресей Думасының төрағасы Вячеслав Володин де осы кездесуде Раисидің аймақтық және көршілестік қатынасты нығайту туралы ұстанымын екі елдің әріптестігін жеңілдететін фактор деп атады.