Қаң 30, 2023 19:43 Asia/Almaty
  • Теһранда бадминтоннан жарыс өтеді

26 елдің бадминтоншылары Теһранда 31-ші "Фаджр" халықаралық жарысына қатысады.

"Фаджр" бадминтон жарысына қатысу үшін Канада, Үндістан, Қытай, Бразилия, Шығыс Тимор, Филиппин, Непал, Индонезия, Қазақстан, Нидерланды, Польша, Сингапур, Португалия, Иордания, Перу, Малайзия, Түркия, Вьетнам, Ирак пен Шри-Ланка өкілдері бүгін Теһранға келді.

Мальта, Болгария, Словакия мен Дания бадминтоншылары бағдарлама бойынша ертең, сейсенбі Иранға келеді.

Фаджр онкүндігіне арналған халықаралық бадминтон жарысы ертең, сейсенбі басталады. Ашылу рәсіміне Иранның Жастар және спорт министрі қатысады. 

Тегтер