Иранға қарсы АҚШ-тың күңкіл саясаты жалғасуда
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуынан үш айдан асып бара жатқан жағдайда АҚШ-тың Иранға қарсы күңкіл саясаты жаңа реңге ие болды.
Иранды қоқан-лоққы деп көрсету осы кезге дейін АҚШ басшыларының қолданған тәсілі болып табылады. Бұл әрекеттердің бір бөлімі АҚШ-ның сыртқы саясат органдары тарапынан ұйымдастырылып, келесі бір бөлімі АҚШ Конгресінің әрекеттері түрінде іске асырылуда.
Бұл саладағы соңғы әрекеттердің бірі Вирджиния штатының республикашыл өкілі Ранди Форбстың Конгреске ұсынған қарары болды. Егер бұл қарар бекітілетін болса, Иран әскерилерінің Парсы шығанағындағы құзыры шиеленіс тудыратын әрекет болып саналады.
Конгрестің баспасөз орталығының мәліметінше, аталмыш қарардың мәтінінде «Иран теңізде жүзуге қатысты халықаралық заңдарға табанды болмауы және БҰҰ-ның қарарларына назар аудармауына-мыс» байланысты сынға алынды.
Осындай даурығушылық кеңістікте «аймақтың суларындағы Иранның әскери жаттығулары қайшылықтарды арттырады, тұрақтылыққа зиян келтіреді, текетірестерді күшейтіп, АҚШ қарулы күштерінің шекараларының сыртындағы қатерді арттырады» деген уәждер айтылды.
2015-ші жылдың желтоқсан айында ирандық кеме-қайықтардың «Труман» авианосецінен 1500 ярд қашықтықта жаттығу өткізуі, 2016-шы жылдың қаңтар айында Иранның әскери ұшағының осы кеменің үстінен ұшуы және Иранның суларына заңсыз кірген америкалық бақылау қайығының 2 адамын тұтқындау республикашыл өкілдің Иранның Парсы шығанағы суларындағы құзырын қоқан-лоққы ретінде көрсетуде ұсынған құжаты болды.
Бұл қарардың жобасында АҚШ үкіметінен Иранның қауіп-қатер тудыратын әрекеттеріне қатаң жауап қайтару талап етілген. Аймақтағы АҚШ-тың стратегиялық саясатындағы мұндай әрекеттердің мақсаты Ираннан қорқыту ағымын қалыптастырып, аймақтың араб мемлекеттеріне қару-жарақ сату болып табылады.
Шын мәнінде, аймақтағы қайшылықтардың себебі және ұжымдық қауіпсіздікке төнген қоқан-лоққы – АҚШ-тың әскери құзырының салдары.
АҚШ басшылары адам құқығының жағдайы туралы негізсіз мәліметтерін жариялап, дәл осы мақсатты көздеуде. Лаңкестік мәселесінде де негізсіз уәждерімен Иранның активтерін заңсыз тәркілеуде.
АҚШ адам құқығы мәселесін сылтауратып және лаңкестік топтарды қолдап, көптеген қылмыстарды іске асырып, адам құқығына қарсы үлгіге айналды. Сондықтан бұл ел адам құқығының қорғаушысы бола алмайды.
АҚШ аймақтағы балаларды қырып отырған Израильдің лаңкестік әрекеттерін қолдап, бұл қылмыскер режимді өзінің стратегиялық серіктесі деп атайды. Осындай жағдайда бұл елдің Жоғары соты: «АҚШ соттары лаңкестік құрбандарының шағымдарын қарастырып, Иранның бұғатталған есеп-шоттары мен тәркіленген активтерінен олардың шығындарын қайтара алады. Бұл іске қатысты шағым түсіргендер 1983-ші жылы Бейруттегі жарылыста қаза болған 241 америкалық пулеметшінің жақындары» деп мәлімдеме жасады.
АҚШ үкіметі бұл әшкере әрекетімен Иранның активін тәркілеп отыр. Иран Сотының орынбасары Ардешир Лариджани бұл туралы: «АҚШ-тың бұл әрекеті еш уақытта АҚШ-ға сенуге болмайды деген маңызды сабақты үйретеді»,- деді. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері де АҚШ сотының Иранның мүлкін тәркілеуге қатысты негізсіз шешімін халықаралық құқықтар мен халықаралық тәртіпті бұзушылық санап, Мәжілістің бұл мәселені қудалайтындықтарын мәлімдеді.
АҚШ-тың мұндай әрекеттері халықаралық ұйымдар және органдар тарапынан шынайы түрде қарастырыуы керек. Өйткені АҚШ мемлекеттердің иммунитетіне нұқсан келтіруде, сондықтан БҰҰ бұл мәселеге араласуы керек.