Ақп 03, 2023 19:04 Asia/Almaty
  • Загреб халықаралық жарысында Иран екінші орын алды

Иранның еркін күрес командасы Хорватияда өткен халықаралық жарыста екінші орын алды.

Осы жарыстың командалық рейтингісінде Иранның алты адамдық командасы 140 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Толық құрамда қатысқан АҚШ командасы 174 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Әзірбайжан командасы 135 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.  

Еркін күрестен халықаралық жарыс сәрсенбі және бейсенбі күндері Хорватияның Загреб қаласында өтті. Иранның палуандары 4 алтын мен 2 күміспен екінші орын алды.

Жарыс соңында 61 кг салмақтағы Реза Атри, 79 кг салмақтағы Әли Савадкухи, 86 кг салмақтағы Хасан Яздани мен 125 кг салмақтағы Амирхұсейн Заре алтын алса, 74 кг салмақтағы Юнес Имами мен 97 кг салмақтағы Амирәли Азарпира күміс алды.  

Тегтер