Ақп 09, 2023 18:26 Asia/Almaty
  • Хоккейден халықаралық турнирде Иран командасы ОАР-мен тең түсті

Иранның ұлттық хоккей командасы халықаралық турнирдегі төртінші кездесуінде ОАР командасымен ойнап, тең түсті.

Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан Хоккей-2023 халықаралық турниріндегі төртінші кездесуінде Иранның ұлттық хоккей командасы ОАР командасымен ойнап, 4:4 есебімен тең түсті.

Иран командасы бұған дейін Аргентина командасынан 4:5 есебімен ұтылса, АҚШ командасын 3:8, ал Аустралия командасын 4:6 есебімен жеңді.

Иран командасы бүгін, бейсенбі В тобындағы соңғы кездесуінде Чехия командасымен бақ сынасады.

Тегтер