Ақп 10, 2023 22:34 Asia/Almaty
  • Еуропа басшылары Украинаға қырғи ұшақтар жіберуге күмәнданып отыр

Украинада соғыс күшейгеннен кейін осы елдің басшысы Владимир Зеленский Еуропа елдеріне сапар шегіп, көбірек әскери және қаржылай көмек алуға талпынып жатыр.

Еуроодаққа мүше елдер арасында Украинаға әскери көмек беру мәселесінде пікір қайшылығы туындады. Тіпті ешбір ел Украина сұраған әскери құрал-жабдықтар, соның ішінде қырғи ұшақтармен қамтамасыз етуге міндеттеме алмады.

Bloomberg-тің хабардар дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Еуропа басшылары Зеленскийге әскери көмек беруді қалайтындарын жеткізді, бірақ осы күнге дейін олардың ешқайсысы бұл салада және Украина сұраған қырғи ұшақтармен қамтамасыз ету саласында міндеттеме алмады.

Украина Президенті соңғы бірнеше аптада F-16 қырғи ұшақтарын алу үшін Батыс елдерімен ауқымды кеңестер өткізді. Ол сондай-ақ Еуропа елдерінен Украинаға ұзақ қашықтыққа арналған әскери жабдықтар мен қырғи ұшақтар беруді сұрады.   

Украина басшылары әрдайым Батыс елдерінен көп көлемде ауыр әскери техника алуды қалап, қазір жіберіліп жатқан қару-жарақ көлеміне наразылық білдіреді. Олар Еуропа елдерін Украинаға қажетті әскери құралдарға қатысты берген уәделерін бұзды деп айыптап, жаңа әскери техника, соның ішінде заманауи танктер мен қырғи ұшақтар жіберулерін сұрап отыр.

Қазір Украина Премьер-министрі әскери құрал-жабдықтар алу мақсатында кеңестер өткізу үшін Еуропада жүр.

Зеленский Еуропа кеңесінде сөйлеген сөзінде: "Украинаға зеңбірек және оның оқ-дәрісі, заманауи танктер, ұзақ қашықтыққа арналған зымырандар мен қырғи ұшақтар керек",-деп баса айтты.

Украинада соғыс басталғаннан бері Еуропа елдері осы елге әскери құралдардың жүздеген партиясын жіберді және көбірек қару жіберуге уәде етті. Бірақ олар қолдаулар мен уәделерге қарамастан, Украинаға дамыған әскери құралдар берген жоқ. Ал Зеленский жаңа қарулар, әсіресе ұзақ қашықтыққа арналған зымырандар мен F-16 қырғи ұшақтарын жіберуді сұрап отыр.

Тегтер