Ақп 17, 2023 01:35 Asia/Almaty
  • Раиси: АҚШ тәкфирлік топтарды құрды

Иран Президенті Қытайға сапарының екінші күнінде Бейжіңдегі Дун Си тарихи мешітіне барып, мұсылмандардың бір тобымен кездесіп, сөз сөйледі.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Бейжің қаласында намазхан мұсылмандар арасында тұрғанына қуаныш білдіріп, Қытайдағы исламның бір мың жылдан аса тарихы барына тоқталып: "2 мың жыл бұрын Ұлы жібек жолы екі ірі өркениет Иран мен Қытайды бір-бірімен байланыстырып тұрған",-деді.

Иран Президенті осы кездесуде: "Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап АҚШ алты айда бір рет Иран революциясының аяқталғанын жариялайтын. Бірақ Ислам республикасы 44 жыл бойы өз жеңісін тойлап келеді",-деді.

Раиси: "АҚШ тәкфирлік топтарды құру арқылы Иран мен басқа ислам елдерінде бейберекеттік тудыруды қалайды",-деді.

Иран Президенті: "Америкалықтар мен үстемшіл жүйе болашақта әлемде үстемдік жасауға орын болмайтынын білуі тиіс. Жаһан бейбітшілік пен тазалыққа қарай өзгереді деп үміттенеміз",-деді.

Тегтер