Ақп 17, 2023 19:56 Asia/Almaty
  • Иранның палуандары әлемдік додада жарқырай көрінді

Иранның Қала банкі командасы еркін күрестен әлемдік додада Грузия командасын жеңді.

Әлем клубтарының еркін күрестен жетінші жарысы бүгін, жұма Теһранның "Хафтом-е тир шәһидтері" спортзалында басталды. Жарысқа Ресей, Үндістан, Грузия, Қазақстан және Армения командалары қатысып жатыр. Қала банкі командасы Иранның атынан осы жарыста өнер көрсетеді.

Иранның Қала банкі командасы еркін күрестен әлемдік додадағы алғашқы кездесуінде Грузия командасын 10:0 есебімен жеңді. Ирандық палуандар 9 салмақта грузиялық палуандардан басып түсіп, жоғары ұпай жинады.

Иранның Қала банкі командасы Грузия және Қазақстан командаларымен бір топта бақ сынасады.

Тегтер