Теһран мен Бейжің сауда айналымын арттыруға келісті
Ақп 19, 2023 21:31 Asia/Almaty
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Иран мен Қытай арасында сауда айналымын арттыру керегін айтты.
Әлиреза Пейманпак: "Қытай технология саласында жоғары потенциалға ие екенін ескеріп, Иранның өнеркәсіп салаларына Қытайдың ірі брендтері және компанияларымен әріптестік жасау өте маңызды",-деді.
Пейманпак: "Энергетика саласында Қытаймен түрлі бағдарлама бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатырмыз",-деді.
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы: "Қытай тарапымен кейбір салалар бойынша Иранда бірге тауар өндіріп, саяси-әлеуметтік тұрғыдан бізге өте жақын Ирак пен Ауғанстанға шығаруға және жаңа әлеуеттер, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақ нарығын пайдалануға келістік",-деді.
Тегтер