Кремль Қытайдың Украина соғысына қатысты бейбіт жобасына реакция білдірді
Кремль үкіметі Қытайдың Украина соғысына қатысты ұсынған Мәскеу-Киев бейбіт жобасына реакциясында: "Украинада бейбітшілік орнатуға ешқандай жағдай жоқ",-деді.
Кремль үкіметі баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүйсенбі күні: "Бір бейбіт бағытқа көмектесетін жобалар ұсынуға талпыныстар көңіл аударуға тұрарлық. Ресей Қытай жобасына зор маңыз береді",-деді.
Дмитрий Песков: "Қазір барлық өзгерістерді бейбіт бағытқа бұруға қажетті шарттарды көрмей отырмыз",-деді.
Кремль үкіметі баспасөз хатшысы Қырым түбегінің Украинаға қосылу ықтималы туралы: "Қырым – Ресейдің ажарғысыз бөлігі",-деді.
Ресей 2022 жылы 24 ақпанда Украинада соғыс бастағанда: "Украинада демилитаризация жасалатынына және осы елдің билігінен неонацистер кететініне кепілдік берілген жағдайда соғысты тоқтатамыз",-деп мәлімдеген болатын.
Мәскеу Киевті бейбіт келіссөздерді тоқтатты деп айыптап отыр. Келіссөздер өткен жылдың наурыз айынан бері өтпеді.
Украина тарапы мықтырақ позицияда болған кезде ғана келіссөздер үстеліне қайта оралатынын баса айтып отыр.