Нау 02, 2023 15:27 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: CNN-нің Ирандағы бүлік жайлы репортаждары біржақты сипатқа ие

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан CNN телеарнасына берген сұхбатында осы америкалық арнаның Ирандағы бүлік жайлы репортаждарын біржақты сипатқа ие қате мағлұматтар деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі бейбіт шеруде наразылардың ұсталғанын теріске шығарып: "Бейбіт шерулерге қатысқан бірде-бір адам ұсталған жоқ",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Қатыгездікке ұласып, сырттан адамдар араласып, полиция күштері өлтірілген шеруде бірқатар адам ұсталды",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Ислам революциясы жетекшісінің бүлікке қатысты деп айыпталғандарға рақымшылық жасауға бұйрық бергенін айтып: "Осы бұйрыққа сәйкес ұсталғандардың бәрі босатылды. Тек кісі өлтіргендер мен үстерінен арыз түскендер ғана қалды",-деді.

Тегтер