Канани: АҚШ демократия мен адам құқығын қорғауға лайық емес
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Твиттердегі жеке парақшасында: "АҚШ демократия мен адам құқығын қорғауға лайық емес",-деп жазды.
Насер Канани Твиттердегі жеке парақшасында: "АҚШ – қазір де сионистік апартеидтік режимді ешбір шартсыз қолдап отырған стратегиялық одақтас. Сондықтан бұл ел демократия мен адам құқығын қорғауға лайық емес",-деді.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Палестинаға жауластық әрекеттері және АҚШ-тың режимді қолдауы туралы: "АҚШ бір кездері Оңтүстік Африкада апартеид режимді қолдап, CIA бұл режимге Нельсон Манделаны қамауға алуға көмектесті",-деп жазды.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ-тың адам құқығы туралы уәждеріне қатысты: "АҚШ демократия мен адам құқығын қорғауға лайық емес. Өйткені бұл екеуіне де сенбейді",-деп жазды.