Канани: Германия бұрын Иран мен Ирак халықтарына қарсы жасаған сорақы әрекеттері үшін кешірім сұрауы керек
(last modified Wed, 08 Mar 2023 09:18:30 GMT )
Нау 08, 2023 15:18 Asia/Almaty
  • Канани: Германия бұрын Иран мен Ирак халықтарына қарсы жасаған сорақы әрекеттері үшін кешірім сұрауы керек

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Германия Сыртқы істер министрінің Иранға қарсы сөздерін айыптады.

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Бағдатқа сапарында Иранға қарсы жоба жайлы сөз қозғап, Иранды шет елдерге зымырандық шабуылдар жасайды деп айыптап, мұны қабылдауға келмейтін іс деп айтып: "Бұл шабуылдар бейбіт тұрғындар мен аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіреді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани сәрсенбі күні Германия Сыртқы істер министрінің Иранға қарсы сөздеріне реакциясында: "Германия ИИР-ға қарсы негізсіз уәждер айтудың орнына осы ел үкіметінің бұрын Иран мен Ирак халықтарына қарсы жасаған сорақы әрекеттері үшін кешірім сұрауы тиіс. Германия Саддам режимін қолдап, Иран мен Ирактағы қорғансыз бейбіт тұрғындарға қарсы қолдану үшін оған химиялық қарулар бергенін жасыруға талпынып жатыр",-деді.

Тегтер