Нау 11, 2023 23:22 Asia/Almaty
  • Әли Шамхани: Теһран мен Эр-Рияд арасындағы түсініспеушілікті жою аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздіктің дамуына септігін тигізеді

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Бейжіңде Иран, Сауд Арабиясы мен Қытай арасында үшжақты мәлімдемеге қол қойылғаннан кейін берген сұхбатында: "Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Қытай Президенті Си Цзиньпиннің Бейжіңдегі кездесуінде Иран мен Сауд Арабиясы делегациялары арасында жаңа келіссөздер өтуіне қолайлы жағдай жасалды",-деді.

Шамхани Иран мен Сауд Арабиясы арасында жан-жақты ашық та конструктивті келіссөздер болғанын айтып, Қытай үкіметіне түрлі елдер арасындағы түйткілдерді жойып, бейбітшілік пен тұрақтылықты арттырып, халықаралық ынтымақтастықты жоғарылатудағы сындарлы рөлі үшін алғыс айтты.     

 

Тегтер