Иран мен Германия мұнай саласында екі меморандумға қол қойды
(last modified Wed, 04 May 2016 14:24:56 GMT )
Maм 04, 2016 20:24 Asia/Almaty
  • Иран мен Германия мұнай саласында екі меморандумға қол қойды

Иран мен Германияның «Siemens» компаниясы мұнай мен газ өнеркәсібін жабдықтармен қамтамасыз ету және осы жабдықтарды жаңарту бөлімінде екі меморандумға қол қойды.

Иран мен Германияның «Siemens» компаниясының мұнай және газ өнеркәсібін жабдықтармен қамтамасыз ету, жабдықтарды жаңарту бөліміндегі ынтымақтастық меморандумына операциялық аймақтар, мұнай өңдеу зауыттары мен орталықтардағы аппараттарды жаңарту және жаңа қуатпен турбиналар салу мақсатында қол қойылды.

Сондай- ақ сейсенбі күні Иранның ұлттық газ компаниясы мен «Siemens» компаниясы және «Oil Turbo Compressor» компаниясы арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Осы меморандумға Иранның ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Хамид Реза Арақи «Siemens» компаниясының технология бойынша төрағасы Зигфрид Руссвурм және «Oil Turbo Compressor» компаниясының атқарушы директоры Саид Меһнади газ өнеркәсібінің айналмалы машиналарға келешекте қажеттілігін қамтамасыз ету және қолда бар ескі аппараттарды қалпына келтіру мен жаңарту және қолданысын арттыру үшін қол қойды.

«Siemens» компаниясы санкциялар күшейгенге дейін Иранның мұнай өнеркәсібімен ауқымды ынтымақтастықта болды, бірақ санкция жылдары Иранмен ынтымақтастықты амалсыздан тоқтатты.

Осы компания «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы күшіне енгізілген соң бірден өткен қаңтар айында Иранмен ынтымақтастықты бастап, тәркіленген жабдықтарды Иранның мұнай өнеркәсібіне табыс етті.

Тегтер