АҚШ-та банктердің банкрот болуына алаңдаушылық артты
https://itolqyn.com/news/world-i68346
АҚШ-та бір аптада екі ірі банк банкрот болып, банк жүйесінің тұрақтылығына алаңдаушылық күшейді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 15, 2023 17:04 Asia/Almaty
  • АҚШ-та банктердің банкрот болуына алаңдаушылық артты

АҚШ-та бір аптада екі ірі банк банкрот болып, банк жүйесінің тұрақтылығына алаңдаушылық күшейді.

АҚШ Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары Пол Крейг Робертс: "Жуырда тағы бес ірі банк банкрот болуы мүмкін",-деп ескертті.  

Іргелі ғылымға негізделген 30 мыңнан аса компанияны қаржыландыратын Silicon Valley банкі жұма күні банкрот болғанын жариялады. Бұдан екі күн өткенде Signature банкі осындай тағдырға душар болды. Соның салдарынан АҚШ банктерінің алдында ұзын-сонар кезек пайда болды.

АҚШ Президенті Джо Байден халық арасында қобалжуды басуға талпынып, мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін банкке қатысты заңдарды қатаңдату керегін айтты.