Иран мен Қытай алюминий компаниясын дамыту жобасында ынтымақтастық жасайды
Иран мен Қытай Иранның алюминий компаниясын (Иралко) дамыту жобасында ынтымақтастық жасайды.
Иранның IRALCO алюминий компаниясының атқарушы директоры Маджит Пураттар сәрсенбі күні аталмыш компанияны дамыту жобасын іске асыру жөнінде қытайлық компаниямен ынтымақтастық меморандумға қол қойған соң: «Осы меморандумға сәйкес, қытайлық консорциум (CREC) компаниясы IRALCO компаниясын дамыту жобасы үшін екі млрд доллар қаржы салуға міндеттеме қабылдап отыр. Жылына 350 мың тонна қуатқа ие алюминий өндіретін бөлімше құру және 500 мегаваттық станса салу, сондай-ақ Аракта мұнай өнеркәсібін құру - қытайлық тарап пен IRALCO компаниясын дамыту жобасындағы меморандумның өзекті тақырыптары. Беделді және мықты қаржыгерлерді тарту осы индустриалдық маңызды жобаның қарқын алуындағы негізгі стратегия ретінде жасалған меморандуммен және қытайлықтардың атсалысуымен осы өндіріс бөлімшесінің алдындағы қиыншылықтар шешіледі» деп қуаттады.
Арак индустриалды қаласында орналасқан IRALCO компаниясы Иранда тұңғыш алюминий кесектерін өндіруші және Иран мен аймақта осы стратегиялық метал өндіретін мамандандырылған компания ретінде танымал.