Солтүстік Кореяда жаңа зымыран сынағы өтті
https://itolqyn.com/news/world-i68440
Шынайы емес ядролық оқтұмсықпен жабдықталған баллистикалық  зымыранды сынақтан өткізу арқылы Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ядролық қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға дайын екенін жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 20, 2023 17:57 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореяда жаңа зымыран сынағы өтті

Шынайы емес ядролық оқтұмсықпен жабдықталған баллистикалық  зымыранды сынақтан өткізу арқылы Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ядролық қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға дайын екенін жариялады.

Осы ұшыруды тікелей басқарған Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын: «АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларды кеңейту арқылы ядролық қару мен құрал-жабдықтарды қолдануға ұмтылуда. Сондықтан Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ядролық шабуылын болдырмау үшін кез келген уақытта ядролық шабуылға дайын болуы керек»,- деді.

Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруы аймақтағы 11 күндік АҚШ-Оңтүстік Корея оқу-жаттығуларымен бір уақытта жүзеге асты. Сонымен бірге бұл екі елдің арнайы өкілдері Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруын айыптады.