Әмир Абдоллаһиян Мәскеуге келді
Иран СІМ- нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Ресей астанасы Мәскеуге келді.
Иран СІМ- нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиян Ресей президентінің Таяу Шығыс ісі жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богдановпен кездесуінде аймақтағы соңғы өзгерістер, соның ішінде Сирия мен Йемен өзгерістері туралы кеңесіп, ой бөлісті.
Осы кездесу БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі жөніндегі өкілі Стэффан де Мистураның Ресей Сыртқы істер министрімен Мәскеудегі келіссөзінен және кейбір елдердің, атап айтқанда АҚШ пен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлерінің Женевадағы келіссөзінен кейін іске асты.
ИИР мен Ресей Сирия мәселелерін осы елдің ішкі ісіне бөгделердің араласуынсыз келіссөз арқылы шешуге талпыныс жасауда.