Нау 29, 2023 18:19 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Лавровпен кездесіп, сұхбаттасты

Иран мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері кездесіп, ең маңызды екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.

Ирандық делегацияны бастап Мәскеуге барған Амир Абдуллахиан бүгін, сәрсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен екіжақты мәселелер, аймақтық және халықаралық өзгерістер төңірегінде пікір алмасты.

Амир Абдуллахиан сейсенбі күні кешке Мәскеуде тілшілерге берген сұхбатында: "Сергей Лавровпен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы, екіжақты мәселелер, аймақтық және халықаралық өзгерістер төңірегінде сөйлесемін",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Иран мен Ресейдің әскери-қорғаныс саласындағы ынтымақтастығының ешбір тарапқа қарсы бағытталмағанын айтып: "Екі ел сауда айналымының көлемі өткен бір жарым жылда 3,5 есе артты",-деді.   

Тегтер