Нау 30, 2023 15:59 Asia/Almaty
  • Бірнеше елдің басшылары Иран Президентін Наурыз мейрамымен құттықтады

Кейбір елдердің басшылары жеке-жеке хат жолдап, Иран Президенті мен халқын Наурыз мейрамы және Жаңа жылмен құттықтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия, Тайланд, Қазақстан, Қытай, Армения, Түрікменстан, Венгрия мен Беларусь елдерінің басшылары Иран Президенті Ибрахим Раисиге жеке-жеке хат жолдап, күн күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың келуімен құттықтап, Наурызды табиғаттың қайта жандануының символы, адамдық құндылықтар, соның ішінде бейбітшілік пен гуманизмнің көрінісі деп атап, осы мейрамның елдер мен халықтар арасында тату көршілестік қатынасты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Бұған дейін Қырғызстан, Польша, Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресейдің басшылары жеке-жеке хат жолдап, Иран үкіметі мен халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.    

Тегтер