Баходари Джахроми: Теһран үкіметі АҚШ алдында Иран халқының құқықтарын қорғауға бекіп отыр
(last modified Fri, 31 Mar 2023 13:50:58 GMT )
Нау 31, 2023 19:50 Asia/Almaty
  • Баходари Джахроми: Теһран үкіметі АҚШ алдында Иран халқының құқықтарын қорғауға бекіп отыр

Иран үкіметінің баспасөз өкілі: "Теһран үкіметі Иран халқының құқықтарын АҚШ-тың жөнсіз әрекеттерінен қорғауға бекіп отыр",-деді.

Бахадори Джахроми Твиттердегі жеке парақшасында: "Халықаралық әділет сотының АҚШ-та Иран активтерінің заңсыз тәркіленуінен туындаған шығынды өтеу туралы үкімі – ИИР-дың тарихи жеңісі. Өйткені халықаралық қауымдастық ақиқат Иран жағында екенін мойындады",-деп жазды.

Халықаралық әділет соты 30 наурызда Иранның кейбір активтерін бұғаттау ісінде АҚШ үкіметіне қарсы үкім шығарды. Сот Иран үкіметі және бірқатар ирандық банк пен компаниялардың мал-мүлкінің АҚШ соттары тарапынан тәркіленуін 1955 жылғы хаттамаға қайшы әрекет деп тауып, АҚШ үкіметін осы мүлікті тәркілеу салдарынан Иранға келтірген зиянды өтеуге міндеттеді.

Халықаралық әділет соты сондай-ақ 2012 жылы Иран үкіметі мен ирандық банктердің активтерін бұғаттауды 1955 жылғы хаттамаға қайшы деп тауып, АҚШ үкіметінің Иран активтерін бұғаттауға бұйрық шығаруды түсіндіру үшін аталмыш хаттаманың 20-бабындағы ерекше жағдайларға сілтеме жасағанын қабылдамады.

Тегтер