Иран Президенті аппаратының халықаралық құқық орталығының директоры: АҚШ 2 жылдың ішінде Иранға келтірген шығынын өтеуі тиіс
(last modified Sat, 01 Apr 2023 15:54:43 GMT )
Сәу 01, 2023 21:54 Asia/Almaty
  • Иран Президенті аппаратының халықаралық құқық орталығының директоры: АҚШ 2 жылдың ішінде Иранға келтірген шығынын өтеуі тиіс

Иран Президенті аппаратының халықаралық құқық орталығының директоры: "Халықаралық әділет сотының үкімі бойынша АҚШ 2 жылдың ішінде Иранға келтірген шығынын өтеуі тиіс",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тавакол Хабибзада Гаагадағы Халықаралық әділет сотының үкімі туралы: "Осы үкім бойынша АҚШ соттарының бірқатар ирандық банктер мен компаниялардың активтерін бұғаттауы 1955 жылғы хаттамадағы Вашингтонның міндеттемелеріне қайшы",-деді.

Тавакол Хабибзада: "Тараптар шығынды өтеу жөнінде бір-бірімен келіссөз жүргізуге құқылы. Егер нәтижеге жетпесе, Гаага соты бұрынғыдай істі қарастырып, шығынды өндіріп береді",-деді.  

Тегтер