Иран мен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлерінің кездесетін уақыты мен жері алдағы 48 сағатта белгілі болады
(last modified Sun, 02 Apr 2023 12:24:58 GMT )
Сәу 02, 2023 18:24 Asia/Almaty
  • Иран мен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлерінің кездесетін уақыты мен жері алдағы 48 сағатта белгілі болады

Иран Сыртқы істер министрі: "Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрімен кездесетін уақыты мен жерін нақтылау үшін алдағы 48 сағаттың ішінде телефон арқылы кеңес жүргізіледі",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан: "Алдағы 48 сағаттың ішінде Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, кездесудің уақыты мен жерін белгілейтін боламыз",-деді.

Иран мен Сауд Арабиясы жұма, 10 наурызда Бейжіңде өткен келіссөздер барысында 7 жылдан кейін өзара дипломатиялық қатынасты қайта бастауға келісті.  

Екі елдің келісімі бойынша Иран мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлері бір-бірімен кездесіп, елшілермен алмасу, өкілдіктерді ашу және өзара қарым-қатынасты қайта бастауға қажетті шарттарды дайындауға келісетін болады.

Тегтер