Сәу 04, 2023 19:32 Asia/Almaty
  • Трамптың соты алдында Нью-Йоркте қауіпсіздік шаралар күшейтілді

FBI-дың 35 000-нан астам қызметкері сейсенбі күні қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесуде. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай.

Нью-Йоркте Трамптың 2016 жылғы президенттік сайлау науқаны кезінде азғын фильмдердегі актерге үнсіз қалуы үшін ақша төлегеніне қатысты сот отырысы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Нью-Йорк мэрі Трамптың жақтастарына сейсенбі күнгі сот отырысында қалада жоспарланған қауіпсіздік шаралары туралы ескертіп: «Біріншіден, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруға көптеген мекемелер қатысады. Сейсенбі күні қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 35 мыңнан астам FBI қызметкері көмектесуде»,- деді. Трамп ғимаратынан оңтүстікке қарай шамамен алты шақырым жерде көптеген көшелер мен сот ғимаратының айналасын жабу туралы айтылуда. Кез келген бұзақылардың алдын алу үшін аумақ толығымен дерлік қоршауға алынады. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған.

Тегтер