Амир Абдуллахиан: ИИР мен Сауд Арабиясының басшылары екіжақты қарым-қатынасты дамытып, тереңдетуді көздеп отыр
(last modified Thu, 06 Apr 2023 12:01:17 GMT )
Сәу 06, 2023 18:01 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: ИИР мен Сауд Арабиясының басшылары екіжақты қарым-қатынасты дамытып, тереңдетуді көздеп отыр

Иран Сыртқы істер министрі: "ИИР мен Сауд Арабиясының басшылары екіжақты қарым-қатынасты дамытып, тереңдетуді көздеп отыр",-деді.

Амир Абдуллахиан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханмен кездесуінде Теһран мен Эр-Риядтың ресми қарым-қатынасының бүгіннен басталғанын айтып, екі көршілес, дос әрі бауырлас елдің қайта байланыс орнатқанына ризалық білдіріп: "ИИР Сауд Арабиясымен барлық салада әріптестікті дамытуға дайын",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ ИИР мен Сауд Арабиясының сауда, экономика және инвестиция саласында қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығына тоқталып, Теһран үкіметінің екі елдің ортақ экономикалық комиссиясының жиналысын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Рамазан айында Теһран-Эр-Риядтың ресми қарым-қатынасының қайта жанданғанына ризалық білдіріп, екі ел арасындағы келісімдерді орындауға дайын екенін баса айтты.  

Тегтер