Иранның грек-рим балуандары Азия чемпионатында 4 алтын алды
(last modified Sun, 09 Apr 2023 17:16:45 GMT )
Сәу 09, 2023 23:16 Asia/Almaty
  • Иранның грек-рим балуандары Азия чемпионатында 4 алтын алды

Қазақстанда ересектер арасында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Иран балуандары 4 алтын, 1 күміс жүлде алды.

Грек-рим күресінен Азия чемпионатының алғашқы күні жексенбі Қазақстанның Астана қаласында өтіп, алғашқы 5 салмақ өкілдері боз кілемге шықты.  

Бірінші күннің нәтижесі бойынша ирандық балуандар 55, 63, 87 және 130 кг салмақта алтын медаль алды.

55 кг салмақта Пуйа Дадмарз ақтық кездесуде үндістандық палуанды 3:1 есебімен жеңіп, алтын медаль алды.

63  кг салмақта Иман Мұхаммади ақтық кездесуде өзбекстандық палуан Шермұхаммед Шарибжановты 9:0 есебімен жеңіп, Иранға екінші алтын сыйлады.

77 кг салмақта Амин Кавианинежад тізе жарақатына байланысты финалға шығудан бас тартып, күміс жүлдені місе тұтты.

87 кг салмақта Насер Әлизада ақтық сында қазақ балуаны Нұрсұлтан Тұрсыновты жеңіп, алғашқы күнде Иранға үшінші алтын әкелді.

130 кг салмақта Амин Мирзазада финалда қытайлық палуанмен белдесіп, оны 2:0 есебімен жеңіп, Иран спортшылары керуеніне төртінші алтын сыйлады.