Иран мен Алжир аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты жақын немесе ортақ ұстанымға ие
(last modified Mon, 10 Apr 2023 11:45:09 GMT )
Сәу 10, 2023 17:45 Asia/Almaty
  • Иран мен Алжир аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты жақын немесе ортақ ұстанымға ие

Иран Президенті: "Иран мен Алжир аймақтық және халықаралық мәселелерге, әсіресе Палестина мен оның жапа шеккен халқының құқығына қатысты жақын немесе ортақ ұстанымға ие",-деді.

Ибрахим Раиси Алжир Президенті Абделмаджид Теббунмен телефон арқылы сұхбаттасып, Алжир үкіметі мен халқын Рамазан айымен құттықтап, сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарына тоқталып: "Қазіргі таңда ислам елдерінің сионистік режимге қарсы біртұтас майдан құрып, Палестина халқын кесімді түрде қолдау керегі басқа кезден көбірек сезіледі",-деді.  

Абделмаджид Теббун Иран үкіметі мен халқын Рамазан айымен құттықтап: "Тақуалық пен ғибадат айы саналатын Рамазан айында Палестина халқы сионистік режимнің шабуылдарынан зардап шегіп отыр",-деді.

Тегтер