Бакудегі «Мультикультурализм» фестивалінде Иранның павильоны ерекше ықыласқа бөленді
(last modified 2016-05-06T10:22:25+00:00 )
Maм 06, 2016 16:22 Asia/Almaty
  • Бакудегі «Мультикультурализм»  фестивалінде Иранның павильоны ерекше ықыласқа бөленді

Әзірбайжан Республикасындағы Кавказ университетінің «Жастар және мультикультурализм» атты 8-ші халықаралық фестивалында Иранның павильоны көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Бұл мәдени фестивальда 25 елдің студенттері Әзірбайжан Республикасындағы кейбір елдердің елшіліктерінің көмегімен өз мәдениеттері мен өркениеттерінің бір бөлігін қолөнер бұйымдары, дәстүрлі тағамдар, тәтті-дәмділер мен сәлем-сауқаттар, сондай-ақ тарихи және табиғи тартымдылықтар бейнеленген кітаптарды көрсету арқылы жұрт назарына ұсынды.

Кавказ университетінің ректоры Сами Өзджан студенттердің басқа елдердің мәдениеті мен өркениетімен танысуын және адамдардың әртүрлі мәдениеттермен қатар бейбіт өмір сүру қажеттігін көрсетуді осы фестивальды өткізудің маңызды мақсаттарының бірі деп жариялады.

ИИР-ның Бакудегі елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Ибрахим Ибрахими: «Иранның павильонында осы елдің қолөнер бұйымдары, тәтті-дәмділері, сәлем-сауқаты мен тарихи-табиғи тартымдылықтары көрмеге қойылды. Әртүрлі елдердің студенттері оны ыстық ықыласпен қарсы алды»,-деді.

Иранның павильонын көруге келгендер Иранның мәдениетімен танысқандарына қуаныш білдіріп: «Иранның өркениеті көне әрі бай. Мына шағын да болса, бай павильон осы елдің рухани дүниесін жақсы ашып көрсетеді»,-деді.

Тегтер