Иран мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлері техникалық делегациялар жұмысының нәтижесін сындарлы деп бағалады
(last modified Fri, 21 Apr 2023 12:48:33 GMT )
Сәу 21, 2023 18:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлері техникалық делегациялар жұмысының нәтижесін сындарлы деп бағалады

Иран Сыртқы істер министрі мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі бейсенбі күні кешке телефон арқылы сұхбаттасып, екі ел жіберген техникалық делегациялардың жұмыс үдерісін оң әрі сындарлы деп бағалап, өзара әріптестікті одан ары нығайтуға жағдай жасалып жатқанын айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан өзінің саудиялық әріптесімен телефон арқылы сұхбатта оны Ораза айт мерекесімен құттықтап, техникалық делегациялармен алмасуды оң бағалап: "Эр-Рияд пен Джиддадағы Иран делегациялары қажылық сапарына дейін Сауд Арабиясында елшілік пен бас консулдығын ашуға талпынып жатыр",-деді.

Фейсал бен Фархан да осы сұхбатта Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі елдің Сыртқы істер министрлері жуырда Эр-Рияд пен Теһранда бір-бірімен кездеседі деп үміт білдірді.

Тегтер