Ислам революциясының жетекшісі: Ислам әлемінің бүгінгі стратегиясы Палестина ішіндегі күресушілерге көмектесу және күшейту болуы керек
(last modified Sat, 22 Apr 2023 11:20:55 GMT )
Сәу 22, 2023 17:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Ислам әлемінің бүгінгі стратегиясы Палестина ішіндегі күресушілерге көмектесу және күшейту болуы керек

Ислам революциясының жетекшісі халық өкілдері, жүйе қайраткерлері және исламдық елдердің елшілерімен кездесуінде: «Ислам әлемінің бүгінгі стратегиясы Палестина ішіндегі күресушілерге көмектесу және күшейту болуы керек»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін (сенбі) халық өкілдері, жүйе қайраткерлері және исламдық елдердің елшілерімен кездесіп, бірлікті Ислам үмбетінің аса маңызды қажеттілігі деп атап, сионистік режимнің айтарлықтай құлдырауына және оның тежеу ​​күшінің айқын төмендеуіне сілтеме жасай отырып: «Бұл маңызды ілгерілеу Палестина ұлты мен жастарының қарсыласуының арқасында қол жеткізілді және Ислам әлемінің бүгінгі стратегиясы Палестина ішіндегі күресушылерге көмектесу және нығайтуға бағытталуы керек»,- деп мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи исламдық елдердің мәселелеріне тоқталып: «Егер Құрандағы «Илаһи жіп төңірегінде бірлік» деген өсиет орындалса, екі миллиардқа жуық халқы бар және әлемдегі ең маңызды және ең сезімтал географиялық нүктелерге ие Ислам әлемі игі істермен айналысып, мәселелерді шешуге қадам жасай алады»,- деп айтты. Аятолла Хаменеи сионистік режимнің біртіндеп құлдырауына тоқталып: «Бірнеше жыл бұрын басталған бұл құлдырау қазір жеделдеді және ислам әлемі осы үлкен мүмкіндікті пайдалануы керек»,- деп сөзін жалғады. Ол Палестина мәселесін тек исламдық емес, сонымен қатар адами мәселе деп атап, исламдық емес елдердегі Құдс күні жиындары мен шерулеріне назар аудартып: «Америка мен Еуропа елдеріндегі Құдс күні сионистікке қарсы жиындар сионистердің басып алу қылмыстарының әшкерленуінің нәтижесі болып табылады. бірқатар еуропалық, әсіресе сионистерге тәуелді елдерде Палестина халқын қолдайтын халықтың болуы өте маңызды»,- деді. Ол басып алушы режимнің нашар жағдайының негізгі себебін Палестина халқының берекелі ішкі қарсыласуы және оның жастарының құрбан болуы деп атап: «Басып алынған жерлердегі бүгінгі жағдай Палестина халқының әртүрлі аймақтарда қарсыласуы мен мәртебесі артқан сайын жалған режимнің соғұрлым әлсіз болатынын дәлелдеп отыр»,- деп тоқталды. Аятолла Хаменеи Палестина ішіндегі күштерге көмектесуді бүгінгі ислам әлемінің қажетті стратегиясы деп біліп: «Қарсыласу майданы мен барлық ислам елдері өздерінің құнды күш-жігерімен қатар Палестина ішіндегі күресуші күштерді нығайтуға назар аударуы керек»,- деп қуаттады. Ол палестиналық топтардың күресінде күш-қуат алудың басты факторын Исламға бет бұру екеніне тоқталып: «Бұл дамулар исламдық тенденциялар болмаған кезеңдерде болған жоқ»,- деді.

Аятолла Хаменеи имам Хомейни (р.а.) мен Ислам Республикасының Палестина мәселесін қолдаудағы ізашарлығына сілтеме жасап: «Бұл қозғалыс жалғасын табады және біз Иранның құрметті халқы барлық ислам елдерінің мұсылмандары қасиетті Құдста емін-еркін намаз оқитын күннің куәсі болады деп үміттенеміз»,- деп мәлімдеді.


 

Тегтер