Америкалықтардың 70 пайызы Трамптың президенттік сайлауға қатысуына қарсы
Бір сауалнама нәтижесі көрсеткендей, америкалықтардың 70 пайызы, соның ішінде республикашылдардың 44 пайызы Дональд Трамптың 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысып, Ақ үйге қайтып оралуын қаламайтынын білдірді.
HILL сайты сенбі күні кешке Associated Press агенттігі мен Чикаго университетіндегі NORC зерттеу орталығы бірлесіп жүргізген сауалнамаға сілтеме жасап: "Демократтардың 93 пайызы мен тәуелсіз дауыс берушілердің 63 пайызы Дональд Трамптың келер сайлауға қатысуына қарсылық білдірді",-деп жазды.
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, колледждік дипломы барлардың 80 пайызы, дипломы жоқтардың 65 пайызы Трамптың үміткерін болуын қаламайды.
Ал бұл жағдайда Wall Street Journal-дың сауалнамасы көрсеткендей, Трамптың Рон Десантистен басым түсу ықтималы артып, 13 пайызға жетті.