Сәу 23, 2023 22:40 Asia/Almaty
  • Суданда қаза болғандардың саны 425 адамға жетті

Суданның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні таңертең осы елде болып жатқан қанды қақтығыстардың құрбандар саны артып бара жатқанын хабарлап: "Қаза болғандардың саны 425 адамға жетті",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Судандағы қақтығыстарда жараланғандар саны 3730 адамға жетті.

Өткен аптаның сенбі күнінен бері Суданда ел армиясы мен жылдам қолдау күштері арасында ауыр қанды қақтығыстар болып жатыр.  

 

Тегтер