Maм 02, 2023 16:50 Asia/Almaty
  • Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекараларының түйіскен жерін анықтауға арналған отырыс өтті

Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан үкіметтерінің өкілдері үш жақты кездесуде үш ел арасындағы шекара сызығының орнын анықтауды талқылап, пікір алмасты.

Қырғызстанның «Баткен» аймағындағы Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдерінің кездесуінде шекара мәселесін талқылаумен қатар, үш елдің келесі кездесуін Тәжікстанда өткізу туралы шешім қабылданды. Өзбекстан мен Қырғызстанның ортақ шекарасы 1378 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы ортақ шекараның ұзындығы шамамен 970 шақырымды құрайды. Бұл мәселе жергілікті тұрғындар арасында дау тудырғанымен, екі ел қазір оның тек 460 шақырымына келісімге келді. Өткен қыркүйек айының ортасында Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шиеленіс ушығып, екі жақ бір-бірінің шекаралас аймақтарына әскери шабуыл жасады деп бір-бірін айыптады.

Тегтер