Maм 06, 2023 17:29 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Судандағы жағдай өте алаңдатарлық

Иран Сыртқы істер министрі ішкі диалог пен түсіністікті Судан дағдарысынан шығудың ең қолайлы нұсқасы деп санады

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Twitter  парақшасында: «Судандағы жағдай өте алаңдатарлық, егер тиісті шаралар қабылданбаса, Судан аумағына қауіп төндірумен қатар, оның ауқымы аймаққа тарайды»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрі: «Өкінішке орай, Судан дағдарысында кейбір шетелдік араласу мен арандатушылықты көруге болады, негізінде ішкі диалог пен түсіністік бұл дағдарысты еңсерудің ең қолайлы нұсқасы болып табылады»,- деп мәлімдеді.

Суданда 15 сәуірден бері Суданның өтпелі егемендік кеңесінің басшысы Абдул Фаттах әл-Бархан басқаратын армия күштері мен Хамидати лақап атымен танымал Барханның орынбасары Мұхаммад Хамдан Деғлу басқаратын жедел қолдау күштері арасында қарулы қақтығыстар басталды. Әзірге Судандағы соғысты тоқтатып, жанжалдасушы тараптарды келіссөз үстеліне отырғызу мақсатындағы халықаралық арағайындық нәтиже бермеді.

Тегтер