Maм 06, 2023 17:31 Asia/Almaty
  • Англия Королінің таққа отыру рәсімі қарсаңында Лондонда қауіпсіздік шаралар күшейтілді

Сенбі күні Лондонда Англия Королі Карл III-тің таққа отыру рәсімі өтеді.

ABC News хабарлағандай, сенбі күнгі салтанатты шара қарсаңында Англия тарихындағы ең үлкен қауіпсіздік операциясы жүзеге асырылды. Бұл рәсімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Лондонның айналасына 11 мыңнан астам полиция күштері жіберілді. Лондон полициясы ең жоғары дайындық деңгейінде және Букингем сарайында да карантин бар. Өздерін монархияның қарсыласы деп атайтын британдық республикашылдар деп аталатын қозғалыс тәж киген күні бұл рәсімге қарсылық білдіретінін мәлімдеді. Наразылық білдірушілер Чарльз III-ге арналған «Сен менің патшам емессің» деген жазуы бар пракаттар ұстайды деп күтілуде. Үш күн бұрын Англия королінің таққа отыру рәсіміне наразылық білдірушілердің бірі Букингем сарайының аумағына бірнеше оқ лақтырған.

Тегтер